Шөкеев Кентаудың даму барысымен танысты

Dalanews 27 қыр. 2021 12:08 182

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ кіргізуге бағытталған ауқымды жұмыстар басталмақ. Маңызды мәселе жан-жақты сарапталуда. Шаһарда ауыз су мәселесі де өте маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына жұмыс сапарында баяндалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, қалада су тазарту станциясындағы су тазартқышқа небәрі 3000-6000 куб аралықта су жиналады. Тұтынушылар санының артуына байланысты бұрыңғы су жинағыш резервуардан бөлек, 10 000 кубқа дейін су жинайтын жаңа су жинағыш резервуарын салуды және «Ақ бұлақ» бағдарламасына енбей қалған жеке сектордағы үйлерді ауыз суға қосу үшін құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға әзірленуде. Жұмыстар жүзеге асқан кезде қала тұрғындары толыққанды жаңа су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сапар барысында өңір басшысы «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС күн электростанциясы құрылыс жұмыстарымен танысты. Шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.



Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Оның аясында аулаларға балалар ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс әкімі сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Кентау Трансформатор зауытында» болды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.



Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x