Қазығұрт ауданының 73,4 пайызы газбен қамтылған

Dalanews 20 қыр. 2021 18:09 298

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы 73,4 пайыз газбен қамтылған. Мәселен, ауданға қарасты Тұрбат ауыл округіндегі 4 елді мекенде газ жүйесі 90 пайыз тартылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандағы Тұрбат ауыл округіндегі 4 елді мекеннің барлығы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі болған Тұрбат, Еңбек, Өңдіріс елді мекенінде жер асты су қорын анықтау жұмыстарына 2021 жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ал жол жөндеу жұмыстары бойынша Тұрбат ауыл округінде биыл М.Сабиров көшесінің 5 шақырымы орта жөндеуден өткізілуде. Бұл нысан 2022 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Бақыт көшесінің 600 метріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ауыл округі бойынша жақсы ішкі көшелердің үлесі 27,3 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат автомобиль жолының 21 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x