Алматының қарын тазалауға мыңнан астам техника жұмылдырылады

Dalanews 05 қаз. 2021 09:47 262

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңінде қарды тазалау бойынша өндірістік базалар мен мамандандырылған техниканың дайындығына тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жолдарды тазалау үшін 1 038 бірлік арнайы техника іске қосылады. Жол жұмысшыларының саны 1 400 адамды құрайды. Қысқы кезеңге қосымша 1 200-ге жуық жол жұмысшысын тарту жоспарлануда. Осылайша жұмысшылардың жалпы саны 2 600 адамға жеткізу көзделген.

Ведомствода хабарлағандай, техниканы қысқы жұмыс режиміне қайта жабдықтау ауа райы жағдайына байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қалың қар жауған жағдайда 18 құрылыс ұйымдарымен 150 бірлік қосымша техника – самосвалдар, тиегіштерді жалға алу туралы шарттар жасалған.  


30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм дайын тұр. Көктайғаққа қарсы материалдардың нормативтік санына (барлығы 33 мың тонна тұз және 80 мың тонна құм) жеткізу 15 қазанға дейін жүргізілетін болады.

Қалың қар жауған жағдайда қосымша 10 мың тонна тұз және 15 мың тонна құм жеткізуге шарт жасалды.

Барлық аудандарда қар жиналатын орындар анықталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x