Сенатор Нұрлан Әбдіров салтанатты шараға қатысты

Dalanews 18 қыр. 2021 07:23 232

17 қыркүйекте Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары, з.ғ.д., профессор Әбдіров Нұрлан Мәжітұлы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов ат. Алматы академиясында өткен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР ЖҒҚА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтың мемориалдық тақтасының ашылу салтанатына қатысты.

Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты, онда жоғары оқу орынның бастығы - полиция полковнигі Айдар Саитбеков Академияның дамуының стратегиялық векторы, инновациялық әдістер мен заманауи тенденциялардың оқу үрдісіне енгізілуі туралы айтты.

Нұрлан Мәжітұлы Әбдіров Алматы академиясының қызметін жоғары бағалап, полиция қызметкерлерін оқу үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде терең ғылыми даярлау қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x