Елеген Қайыржанов арналған ескерткіш тақта ашылды

Dalanews 17 қыр. 2021 07:19 222

ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында 2021 жылдың 17 қыркүйегінде маңызды оқиға атап өтілді - қазақстанның заң ғылымының көрнекті қайраткері Елеген Ізтілеуұлын Қайыржанов еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген даналық сөзді заң ғылымдарына өшпес із қалдырған, адами қасиеттерімен замандастарының қүрметіне бөленген Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтай тұлғаға арналған мұндай іс-шара ведомстволық білім беру ұйымдарының тарихында алғаш рет, және де Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, з.ғ.к., полиция генерал-лейтенанты Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлының тікелей қатысуымен және қолдауымен өткізілуде. Е.І. Қайыржановты еске алуға арналған мемориалдық тақта Алматы академиясының қабырғасында тұрғаны маңызды және қуанышты: Елеген Ізтілеуұлының жұмыс жолының орасан бөлігі Ішкі істер министрлігімен және Алматы академиясымен тікелей байланысты болды.



Салтанатты шараға Қазақстанның көрнекті саяси, қоғам және ғылым қайраткерлері қатысты – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, з.ғ.д., профессор Абдиров Н.М., Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, з.ғ.д.,  профессор М.Ч. Когамов, з.ғ.к., отставкадағы генерал -майор Кенжетаев Д.Т., қоғам және ғылым қайраткері, з.ғ.д., профессор Алауханов Е.О., сонымен қатар Е.І. Қайыржановтың көптеген шәкірттері.



Ғылым мен білім саласында Қайыржанов Е.І. шамамен 50 жыл жұмыс атқарды. Әр жылдары кафедраны басқарды, ІІМ Алматы академиясының диссертациялық кеңесінің төрағасы, мүшесі болды. Оның ғылыми жетекшілігімен көптеген танымал қазақстандық ғалымдар докторлық диссертация қорғады, 50-ден астам шәкірті заң ғылымдарының кандидаты болды. 250-ден астам ғылыми еңбектер оған тиесілі.

Бүкіл әлемде ғалымдар мен зерттеушілер Елеген Ізтілеуұлының өзіндік ерекшеліктерімен, криминогендік процестерді нәзік түсінуімен ерекшеленетін еңбектерін негізге алуда. ІІМ Алматы академиясында заң ғылымдарының докторы, профессор Е.И.Қайыржановтың ғылыми мектебі жұмысын атқаруда, жыл сайын конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізілуде мұндай зерттеулердің қоғамға тигізері сөзссіз жоғары құндылық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x