Аида Балаева: «Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет»

Dalanews 16 қыр. 2021 11:47 158

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда кибербуллингге қарсы күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі.

Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс.


БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады, – деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форумның жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі пандемияның қоғамға қалай ықпал еткенін айтқан еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x