Back

ВТБ Қазақстан Басқармасының жаңа мүшесі тағайындалды

Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесі Анастасия Нелинаны банк Басқармасының мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылдады.

Анастасия Нелина банктің қаржылық жоспарлауға, қаржылық көрсеткіштердің болжамдарына, қазынашылыққа, сондай-ақ есептілікке жауап береді.

– Қаржылық жоспарлау – жедел ден қоюды және нақты стратегиялық ойлауды талап ететін банк жұмысын басқарудың басты құралдарының бірі. Қаржы саласында мол тәжірибесі бар Анастасия Нелинаның тағайындалуы ВТБ банкінің Қазақстандағы жұмысын одан әрі дамытуға және тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, – деп атап өтті банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Қазіргі уақытта банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамына: банктің бөлшек блогын басқаратын төрағаның орынбасары Артем Бадыков; корпоративтік-инвестициялық бизнеске жетекшілік ететін төрағаның орынбасары Арман Мангитов; Анастасия Нелина – қаржы департаментінің директоры және Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло кіреді.

Анықтама

Анастасия Нелина банк саласында 17 жылдан астам жұмыс істейді, оның ішінде ВТБ тобында 10 жыл.

2019 жылғы қазанда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ қаржы департаментінің директоры лауазымында өз жұмысын бастады.

Анастасия Нелина Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және Бизнес» факультетін, сондай-ақ Санкт-Петербург халықаралық банк институтын «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Жоғары менеджмент мектебінің «Жаңа көшбасшылық энергиясы» бағдарламасынан өтті.

«ҚР Кәсіби бухгалтері», ACCA DipIFR (rus) және IPMA сертификаттарына ие, Жобалау менеджері.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Бүгінгі таңда банк еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.