Back

Нұр-Сұлтанда қазақ-неміс орталығы ашылды

Елордада Қазақстан-неміс орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, “Возрождение” қоғамдық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы А.Рау, Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің қоныс аударушылар және аз ұлттардың істері жөніндегі комиссары Б.Фабрициус, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Әлімбаев қатысты.

Қазақ-неміс орталығының ашылу мақсаты-елімізде тұратын этностардың тілдерін сақтау және Қазақстандағы барлық этностардың этникалық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға мүмкіндік беретін мәдени бірлестіктерге мемлекеттік қолдау.

М.Әзілхановтың айтуынша, еліміздің немістері басқа этникалық топтармен бірге біздің көпұлтты Қазақстанның дамуына орасан зор үлес қосып отыр. Осылайша, “Возрождение” қоғамдық қоры өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін дамытады, жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асырады, ұлттық мәдени және рухани мұраның сақталуына үлкен үлес қосады. Сондай-ақ, Қазақстандағы азаматтық қоғамның өміріне белсенді араласу және қазақ-неміс қарым-қатынасын дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, біздің халық Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен келісуінің негізі ретінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті таңдады. Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз әлеуметтік, этникалық және діни нанымына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарының шынайы теңдігін қамтамасыз етті – деп атам өтті М.Әзілханов.

Сонымен қатар, іс -шараға қатысушылар атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар серпінді және жемісті дамуда – тұрақты саяси диалог орнатылды, сауда-экономикалық ынтымақтастық нығайып, кеңеюде, берік құқықтық база құрылды, мәдени -гуманитарлық байланыстар кеңеюде.

Қазақ-неміс орталығы өзара байланыс орнататын жаңа орынға айналады, неміс тілін, неміс халықтық дәстүрлерін үйрету арқылы ұлттық бірегейлікті сақтауға және көпұлтты Қазақстанда тұратын әр түрлі этностардың жақындасуына ықпал етеді, – деп қосты А.Рау.