Қазақ тілі? Үйренгісі келген адамға бүкіл жағдай жасалған, тек ниет керек – жастар

Dalanews 21 там. 2021 13:24 340

Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының саны күн өткен сайын өсіп келеді. Бұдан нені аңғарамыз? Әрине, бірінші кезекте қазақ тілінің қоғамдық қатынас құралына айналғанын байқауға болады.  Ең бастысы өзге ұлт өкілдерінің жастары қазақ тілін меңгеру арқылы өзінің қызметтік мансабының өсуіне мүмкіндік алып отыр.

Бүгінде қазақ тілін меңгерген жастарға қазақ қоғамы үлкен құрметпен қарайды. Әсіресе жураналситер арасында қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілінде хабар таратып, түрлі бағдарламаларды жүргізіп жүрген жастар көп. Олар осылайша өзге жастарға қазақ тілі арқылы биік белесті бағындыруға болатынын нақты іспен дәледеп жүр. Бұл ретте Максим Рожин, Мая Бекбаева сынды әріптестеріміздің іс-әрекеті көпке үлгі болары сөзсіз.

Қазіргі таңда осыған ел арасында айтылып келген «қазақ тілін үйрену қиын» деген әңгімеге нүкте қойылды. Елжанды азаматтардың арқасында тіліміз өзінің тұғырына қонып келеді.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Қазақстандағы ұлтаралық татулықты сақтауда қазақ тілінің маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Қазақстан біздің ортақ Отанымыз. Осы жерде туып, өсітік. Ешкім бізді кеудемізден итерген жоқ. Қайта жанына тартып, бауырластық ниетін білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық татулықты ту еткен саясатының берекесін кетірмей, келер ұрпаққа табыстауға біріміз бір кісідей күш салуымыз керек. Өйткені біздің бүгінгі шешімдеріміз ертең тарихқа айналады. Айрандай ұйыған береке-бірлікті сақтаудың ең ізгі жолы – қазақ тілін үйрену, мемлекеттік тілде сөйлеп, түсінісетін кезеңге келдік, – деп еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтауда жастарға артылған жауапкершілік зор екенін алға тартты халық қалаулысы.

Тағы бір мысал. Ресейде өмірге келіп, Жамбыл облысында азамат ретінде қалыптасқан Виктория Трегубованың да өмір жолы көпке үлгі етуге болады. Ол елге Қазақстанға келген бетте қазақ тілін үйренуге күш салған екен. Аз ғана уақыттың ішінде тіл сындырып, Әулиеата жеріндегі қазақы ортаға сіңісіп кетіпті.

– Киелі Тараз қаласындағы қазақы орта қазақ тілін тез меңгеруіме септігін тигізді. Бұдан басқа дәл қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалдарының жанында тіл үйрету курстарының мүмкіндігін барынша пайдаландым. Тілді біршама меңгергеннен кейін қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылым оянды. Осының арқасында қазақ халқының мәдениетімен етене танысып, тілдік қорым арта түсті. Жалпы, қазір елімізде тіл үйрнемін деген адамдарға барлық жағдай жасалынған. Жастар осы мүмкіндікті пайдалануы керек деп есептеймін, – дейді Виктория Трегубова.

Расыменде қазір қазақ тілін үйренуге кедерге жоқ. Мұны өзге ұлт өкілдерінің жастары жете түсініп отыр. Алдағы уақытта тіл үйренуге қызығушылық танытқан жастарды қолдап, оларға түрлі мүмкіндік туғыза берудің маңызы зор.

Мемлекеттік тілді білу, қазақша сөйлеу – қазақ халқына деген сый-құрметтің көрінісі. Тілін білмесең де, қабағын шытпайды, қамқорлықпен қарайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x