Түркімен билігі жезөкшелерді мақта теруге мәжбүрлеуде

Dalanews 13 қыр. 2021 09:46 246

Түркіменстанның Балқан уәлаятында полиция еңбек мигранттарын, араққұмарлар мен жезөкшелерді, сонымен бірге алимент төлемегендерді мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберіп жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері адамдарды бөлімшеге шақырып, олардан мақта теруге баруын талап етіп жатыр, деп хабарлады тілші.

Бұл азаматтарды Сердар этрапындағы "Азади", "Яшлык", "Сарп", "Жанахыр" диқан бірлестіктеріне, сонымен бірге Берекет этрапындағы "Узынсув", "Махтумкул" және "Түркіменстан" диқан бірлестіктеріне мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберген, – деп хабарлады дереккөз басылым журналисіне.

Оның айтуынша, полиция бұны "еңбекпен түзету жұмысы" деп атап, оны "жазаның бір түрі" деп сипаттаған.

Бұның алдында Азаттық радиосының түркімен қызметі биліктің бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде мақта тергізіп жатқанын хабарлаған.

Түркіменстан биыл 1 миллион 250 мың тонна мақта жинауды көздеп отыр.

Түркіменстанда мәжбүрлі еңбекті мақта теруде ғана емес, оны егу кезінде де қолданып жүр.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Түркіменстан билігін сынап отыр.

Responsible Sourcing Network ұйымының мәліметінше, биыл 10 тамызға дейін әлемнің 138 бренді түркімен мақтасын, содан жасалған тауарды сатып алудан бас тартты.

 

https://dalanews.kz/news/67825-qazaqstanda-dini-filmderge-suranys

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x