Қазақстан мұнайдың 70 пайызға жуығын Теңіз, Қарашығанақ және Қашағаннан өндіріп отыр

Dalanews 20 там. 2021 11:18 308

Қазақстандағы мұнай мен түрлі жер асты байлықтарына көлемін анықтау жұмыстары Кеңес заманында жүргізілді. Ол кезде жер қойнауын барлау жұмыстарына қолданылған құрылғылар технологиялық тұрғыдан қазіргі заманғы жабдықтармен салыстырғанда көп артта қалғандықтан Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мұнай қоры мен өзге де қазба байлықтарға барла жұмыстарын жүргізіп, олардың мөлшері мен көлемін анықтауға тиісті деңгейде көңіл бөліп келеді.

Қазіргі таңда Бұл бағыттағы жұмыстармен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кешенді түрде айналысып, қазыналы қазақ жерінде қаншама табиғи ресурстардың қоры барын анықтауға күш салып келеді. Таяуда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Бірекешев Орталық коммуникациялар орталығында Қазақстандағы минералды-шикізат қоры жайында жан-жақты ақпарат беріп, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша елімізде тұтастай алғанда дәл қазір еліміздің аумағында 317 мұнай кен орны бар екенін алға тартты. Мұндағы шикізаттың қоры 4,4 млрд тоннаға жуықтайды екен.

– Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанның жер қойнауында пайдалы қазбалардың 8 мыңға жуық кен орындары тіркелген. Бұлардың ішінде көмірсутек қоры – 317 (мұнай және газ),  ел аумағында кеңінен таралған пайдалы қазбалар – 3 мыңнан астам және 900-ге тарта қатты пайдалы қазбалар шоғыры бар. Бұдан бөлек 4 мыңға жуықтап қалатын жерасты суының кен орнындары бар, – деп Серікқали Бірекешев тілшілер қауымына біраз мағұлмат берді.


Өз кезегінде Серікқали Бірекешев ел экономикасына еселеп табыс әкеліп жатқан пайдалы қазбаларды тауып, анықтауда геолгтардың сіңірген еңбегі ерен екенін атап өтті.

– Геологтардың ерен еңбегінің арқасында Қазақстанда мұнай-газ секторы мен тау-кен саласы тоқтаусыз жұмыс істеп, еліміздің ырысын арттырып келеді. Білікті геолог мамандар ашқан кен орындары еліміздің тқрақты экономикалық дауын қамтамасыз етіп отыр. Кеңес заманында көптеген қалалар геологтардың еңбегінің нәтижесінде пайда болды. Қазір де жер қойнауын зерттеп жүрген мамандардың еңбегінің қадірі артпаса кеміген жоқ. Осы ретте мемлекетімізде геолг мамандардың жер қойнауына кешенді түрде барлау жұмыстарын жүргізуге барынша қолдау көрсетіп келеді, – деді вице-министр Серікқали Бірекешев.

Жиында вице-министр еліміз бойынша геологиялық барлау жұмыстарына жекелген компаниялар да қаржы бөліп, оның көлемі 5 пайызға жеткенін атап өтті. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниясы барлау жұмыстарына тиісті деңгейде көңіл бөліп жүргені белгілі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың өрісін кеңейтудің маңызы зор.

Онлайн форматта журналистермен жүздескен вице-министр еліміздегі мұнай қорының көлеміне қатысты сұрақ қойылғанда, ол Қазақстанда мұнайдың мол қоры жинақталғанын алға тарта келе, оның басым бөлігі Атырау мен Маңғыстау облысында шоғырланғанын алға тартты. Серікқали Бірекешевтің есебінше, Атырау облысында еліміздегі мұнай қорының 75 пайзы шоғырланса, Маңғыстау облысындағы мұнайдың үлесі 11 пайызды құрайды екен.

– Қазіргі таңда Қазақстандағы мұнайдың басым бөлігң, яғни, 68 пайызы  Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кеніштерінен өндірілуде. Еліміздегі мұнайдың қоры А+В+С1+С2 дәрежесі бойынша 4,4 миллиард тоннаны, газдың қоры – 3,8 триллион текше метрді, ал конденсат – 415 миллион тоннаны құрайды, – деді өз сөзінде вице-министр.


Вице-министр осы жиында елдің назарын аударар басқа да мәселелерді сөз етті. Мәселен, оның айтуынша еліміздің мұнай қоры ортайып қалған. «Қара алтынның» кемігенін Қашаған ғана білдіртпей тұр.

Еліміз тәуелсіздікке ие болған жылдары мұнай-газ секторы мен жер асты қазба байлықтарына салынған инвестицияның көлемі 73 трлн теңгені құраған. Осы ретте оның 70 пайызы мұнай-газ секторына бағытталған. Осы жайттан-ақ Тәуелсіздік жылдар мұнай-газ саласы отандық экономиканың негізгі тіреуіші болғанын байқауға болады. Алдағы уақытта осы еліміздің ен байлығын тиімді пайдаланып, ел экономикасын әртараптандыруға күш салудың маңызы зор.

https://dalanews.kz/del-qazir/67809-munay-qory-ortayyp-barady-tezdetip-ba

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x