ҰҚК: Теріс діни ағымдардың үгіт-насихатын жүргізген 4 адам қамауға алынды

Dalanews 14 там. 2021 17:16 271

Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымдардың өкілдеріне қарсы ымырасыз күрес жүргізуде деп хабарлайды Dalanews.kz. 

ҰҚҚ мамандары еліміздің үш өңірінде теріс ағымдардың насихатын жүргізіп, ел арасына іріткі салғысы келген радикалдарды ұстады.

«Биылғы жылдың 13-ші тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында лаңкестікті насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Шымкент, Атырау және Жаңаөзен қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген ҰҚК мәліметінде .

«Аталған азаматтар шетелдік агрессивті уағызшылардың жолын қуған дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне сәйкес әзір жария етілмейді», – деп нақтыланған.

Бұған дейін Dalanews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есірткі өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кескенін хабарлаған.

Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталған болатын.

 

https://dalanews.kz/del-qazir/66990-uqk-nyng-arnayy-operaciiasy-uyymdasqan

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x