Back

“Ерлік ұмытылмайды!”. Өрт сөндірушілер Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан әріптестерін еске алды

Ақмола облысының өрт сөндірушілер3 Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмолалық өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалыста қаза тапқан әріптестеріне осылайша құрмет білдіріп, ағайын-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан оқ-дәрі қоймасы кенеттен жарылып, соның салдарынан 14 адам көз жұмды. 100-ге жуық адам жарақат алды. Ал жоғалғандар өрт сөндірушілерді іздеу жұмыс әлі жалғасып жатыр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29-шы тамызды – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. 

Опат болғандардың дерлігі азаматтық қорғау органдарының мамандары:

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Микропуло Александр Николаевич – жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары; 

Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;

Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;