Тоқаев: "Қазақстан терроризмге қарсы жаһандық іс-қимылдарды түбегейлі қолдайды"

Dalanews 31 там. 2021 14:45 266

 11 қыркүйек осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған лаңкестердің әрекетінен опат болғандарды тапқандарды еске алу күні.

Осыған орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық деңгейде жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдарды қолдайтынын тағы бір мәрте нақтылады.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды.


Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x