Сағынтаев Алматы мектептері жанындағы 70-тен астам футбол алаңдарын жаңғыртатынын айтты

Dalanews 10 қыр. 2021 06:10 235

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады.

– Балалардың спортпен жаппай айналысуы үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 жылдары оқу жылында МЖӘ аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар, –деп жазды Бақытжан Сағынтаев.



Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса беретін атап өтті.

Бұрын хабарланғанындай, Алматыда жаңа оқу жылында мектептерге 301 171 оқушы барды. Мемлекеттік мектептерде 280 458 балалар мен жасөспірімдер оқуда, ал жекеменшік мектептердегі оқушы саны – 20 713. Мемлекеттік мектептерде бірінші сынып оқушыларының саны 3 мыңға жуық өсті. 1-сыныптарда 30 751 оқушы білім алуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x