Талдыкөл? Көлдің батпақты емес таза жері сол күйі сақталып қалады - Нұр-Сұлтан әкімдігі

Dalanews 08 қыр. 2021 16:03 246

Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары департаментінің басшысы Нұрлан Ұранхаев қала іргесіндегі Талдыкөл көліне қатысты көпшілік көңілінде жүрген сауалға жауап берді , деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Көлдің батпақты емес таза тұсы сол күйінде сақталып қалады. Бұл жоба қаланың бас жоспарына сәйкес іске асырылмақ.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша Кіші Талдыкөл сулы-батпақты алқап, лас деп танылды. Көлді сақтап қалғымыз келсе тазарту жұмысын қазірден бастап жүргізу қажет. Себебі көлдің суы ғана емес, оның түбіндегі жерасты суы да қатты ластанған. Тазарту арқылы көлді ғана емес, мұндағы флора мен фаунаны да сақтап қаламыз.

Қазір Талдыкөлде Қызыл кітапқа енген 200-ге тарта құс және 90 түрлі өсімдік бар», – деді Ұранхаев осыған байланысты өткен баспасөз жиынында.

Басқарма басшысының атап өткеніндей, Кіші Талдыкөлдің сулы-батпағы - зерттеліп, дәлелденген дүние. Ал көлді тазартудағы мақсат – экологиялық апаттың алдын алу.

Бұған дейін Елорда әкімдігі Кіші Талдыкөлдің болашағына қатысты түсініктеме бергенін хабарлағанбыз. Көл маңайына тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар салынбақ.

Шұғыл:


https://dalanews.kz/aimak/67601-kishi-taldykol-bul-araga-kariz-qaldyqt

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x