Елордада әлемнің 77 елінің спортшылары қатысатын байрақты бәсеке өтеді

Dalanews 26 шіл. 2022 05:44 344

Нұр-Сұлтанда араға екі жыл салып триатлоннан BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN және BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ірі халықаралық турнирі қайтадан өткізіледі. Спорттық шара 14 тамызда өтеді.

Әрбір жарыс үзіліссіз өткізілетін үш кезеңнен тұрады. Жүзу – 3,86 км, велосипедпен жүру – 180,25 км және марафондық жүгіру – 42,195 км. Ironman 70.3 сериялық сайыс екі есе қысқартылған қашықтықта келесі сайыстарды қарастырады: жүзу – 1,9 км, велосипед жарысы – 90 км және жүгіру – 21,1 км.

Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатыспақшы. Бұл атлеттердің Қазақстанға деген жоғары ықыласын білдіреді. Екі жылдық үзілістен кейін елімізде өтетін алғашқы жарыс. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресей елдерінен триатлеттер қатысады деп күтіп отыр.

– Мұндай шараны өткізу әуесқой спортты ғана емес, туризмді де дамытуға ықпал етеді. Мысалы, Үндістаннан келген триатлеттер тобы 200 адам болып ұшады, бұл бір бортты құрайды. Спортшылар Қазақстанның оңтүстігін аралап, елмен танысатын болады. Менің ойымша, бұл қала мен ел бюджетіне айтарлықтай қражы түсіреді, – дейді сайыс директоры Алексей Сидоренко.


Естеріңізге сала кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі елдерінде өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады. BI Group IRONMAN Kazakhstan Гавайи, Калуа-Конада IRONMAN World Championship 2021-де 45 слот ойнатылады.

– Басқа елдердегі жарыстардың жойылуына байланысты біз жарыста 45 слот ойнауға мүмкіндік алдық, – дейді Алексей.

Іс-шара BI-Group холдингінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан Триатлон федерациясының қолдауымен өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x