Back

Үржар ауданы. Биыл Алакөлге 1 млн астам турист келген

Үржар ауданында туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Туристерге жайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Соның дәлелі биыл ауданда әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы аудан әкім Нұржан Тоқсейітов баспасөз конференциясы барысында мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Былтыр Алакөлге 2 391,9 млн теңге бөлініп, Мақаншы-Көктал бағыты арқылы жоғары кернеулі электр желісі тартылды. Сонымен қатар, көл жағалауында су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен 986,5 млн теңге бөлінді. Ауданда туризмның дамуы үшін әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы құны 4 747,0 млн теңге, – дейді аудан әкім Нұржан Тоқсейітов.

Айта кетейік, биыл жаз маусымында Алакөлге 1 млн астам турист келген.

– Биыл демалыс орындарында полиция және фельдшерлік пунктін салуға облыстық бюджеттен 157,1 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Алакөл жағалауында 60 га жерді құрғату үшін 242,4 млн теңге қарастырылды. Биыл жаз маусымында Алакөлге 1 млн астам турист келді, – дейді аудан әкімі.

Тағы оқыңыз:

ШҚО мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, 21 000 бала мектеп табылдырығын аттады