"Путин шақырды, біз келдік". Жыл басынан бері 23 мың адам Ресей азаматтығын алған 

Dalanews 06 қыр. 2021 10:23 181

Еліміздегі орыстілді аудитория Путиннің шақыртуын қабыл алып, атажұртына үдере көшуде деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ресейдегі Көші-қон мәселесімен айналысатын арнайы басқарма биылғы жылдың қаңтар-маусым аралығындағы миграциялық ахуалға шолу жасаған екен. 

Басқарма дерегінде, осы жылдың 6 айында ғана 23 мың 293 қазақстандықтың Ресей азаматтығын алғаны айтылған. 

Бұдан бөлек 30 мыңнан аса қазақстандық Ресей аумағында уақытша тұру құқығына ие, мұның ішінде 10 мың 848 адам бұл рұқсатты биылғы жылдың алғашқы ширегінде алып үлгерген. 

41 мың 165 қазақстандықтың Ресейде еркін жүріп-тұратын ықтиярхаты бар. Қаңтар мен маусымның аралығында ғана Ресейде тұруға рұқсат беретін ыхтиярхатты 13 мың адам алған.


Ал 26 мың 393 қазақстандық Ресеймен еңбек келісімшартын жасасқан. Тұтастай алғанда жыл басынан бергі мерзімде 225 мың қазақстандық Ресейдің көші-қон қызметінің тіркеуіне тұрған. Бұл Петропавл қаласының тұрғын санымен пара-пар көрсеткіш.

...

Бұған дейін Dalanews.kz Ресей мен Орта Азия аймағын зерттеумен шұғылданатын танымал ғалым Марлен Ларюэльдің Қазақстандағы орыстарға қатысты пікірін жариялаған. 

“Қазақстандағы орыстілді аудиторияның үлес салмағы күнбе-күн кеміп, тиісінше орыс тілінің өрісі тарылуда. Орыстар мол қоныстанған солтүстік өңірлердің өзінде олардың үлесі 35-50 пайыздан аспайды. Олар ұлттық үлес тұрғысынан азшылыққа айналуда. 

90-шы жылдары орыстардың басым көпшілігі атажұртына оралды. Бүгінде бұл үрдістің қарқыны бәсеңдегенмен, орыстілді қауым бәрібір де көшіп жатыр.

Олар Ресейге өз қалауымен қоныс аударуда, оларды солай етуге ешкім мәжбүрлеген жоқ. 


Отандастарды елге шақырған Путинің бағдарламасы Қазақстандағы орыстарды орнынан қозғалтты. Ресей халқының санын көбейтіп жатқан да негізінен Қазақстан мен Украинадан келген оралмандар”, – деген еді Марлен Ларюель.

https://dalanews.kz/sadak/65289-qazaqtandyru-10-zhyldan-keyin-qazaqstan

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x