Мектепте "қауіпті" антисептиктер қолданылады - желідегі тағы бір қауесет тарады

Dalanews 02 қыр. 2021 10:29 258

Қазақстан мектептерінде денсаулыққа қауіпті антисептиктер қолданылады. Желі қолданушылары осындай хабарламаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл хабарлама астына пікір қалдырушылар мұның ата-аналардың балаларын вакцинациялауға ынталандыру үшін жасалып жатыр деген ой білдіреді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі бұл хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.



"Өткен жылы білім беру ұйымдарында дезинфекциялық тоннельдер алынып тасталды. Олар орнында тұрса да, жұмыс істемейді. Оған тыйым салынған.

Бір ғана шарт – мектептерде дезинфекциялық төсеніштер болуы керек. Балаға тікелей ештеңе бүркімейді.

Мектептерде қатаң бақылаудан өткен және сертификатталған антисептиктер бар. Олар ешқандай ауру жұқтырмайды.

Егер ата-аналар баланың ортақ антисептикті қолдануын қаламаса, оны жеке санитайзермен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев stopfake.kz сайтына.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x