Сарапшы: «Жансақтау бөліміндегі жағдай «өте ауыр, әрі қорқынышты» (видео)

Dalanews 23 там. 2021 13:18 157

Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 көпсалалы қалалық емхананың жансақтау бөлімінде түсірілген бейнежазбаны бастан-аяқ көрген саясаттанушы Ғазиз Әбішев мұны көру «өте ауыр, әрі қорқынышты» деп баға берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Саясаттанушы таспаны қарағанда коронавирус жұқтырып ауыр жағдайда емханада ем алып жатқандардың арасында жас та, кәрі де жетіп артылатынын байқауға болады. Оның айтуынша, індетке шалдыққандардың бәрі вакцина алмаған.

Өз кезегінде сарапшы емханаға вакцина алмай бірінен-соң бірі түсіп жатқан науқастарға медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлердің ісін ерлікке бағалады.

– Көптеген адамдар өкпені жасанды тыныс алдыратын аппараттың көмегімен әрең демалуда. Таспадан олардың өлім мен өмір арасында күресіп жатқаны көруге болады, – дейді Ғазиз Әбішев.

Бейне таспадан жансақтау бөлімінде бос төсекетің жоқ екенін бірден байқауға болады. Ал дәрігерлерлер болса дамылсыз науқастарға көмек көрсетіп жатқанын көресіз.

Дәрігерлердің айтуынша, мамандар мен техникалық ресурс жеткілікті. Бірақ індетке шалдыққан адамдардың қарасы азаймай тұрғаны оларды қатты қамықтыруда.

https://www.youtube.com/watch?v=QdhJ9-6wd3U&t=60s

Дәл осы емханада саясаттанушы Самат Нұртаза да болып, жансақтау бөліміне түскен жүктеменің орасан зор екенін өз көзімен көріпті. Ол ел азаматтары күнделікті өмірде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамай, вакцина қабылдамаса дәрігерлерді еткен еңбегі, төккен тері бекерге кетуі мүмкін екенін ашып айтты.

– Аталған емханада ине шаншар орын жоқ. Дәрігерлер болса табанынан тік тұрып, 24 сағат бойы жұмыс істеуде. Оларға қалалық әкімдік пен Денсаумин барлық көмекті көрсетіп жатыр. Егер кез келген адам санитарлық нормаларды сақтап, екпе алмаса, дәрігерлерді жанкешті еңбегі құмға құйған су ізім-ғайым жоғалауы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат ойланып, денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, – дейді Самат Нұртаза.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонетін 389 мыңнан астам адам алса, екі компонетті алғандардың саны 310 мыңнан асқан.

Қалада COVID-19 қарсы 16 стационарда 6 мыңнан астам медицна қызметкерлері күн-түн демей еңбек етуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x