Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Dalanews 19 там. 2021 05:12 170

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

1997-1998 жылдары — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x