Алатау ауданында 80 мыңнан астам вакцина алған

Dalanews 13 там. 2021 11:07 221

Алматы қаласында коронавирусты тоқтату үшін вакцина алу міндет. Бұл пікірді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қолдап, ол өзі басқаратын ауданда 80 мыңнан астам қала тұрғыны КВИ вакцинасын алғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Егер жағдай өзгермесе, біз одан да үлкен дағдарысқа ұшырауымыз мүмкін, өйткені басқа маусымдық вирустар ковидке қосылады. Ауданда барлық жағдай жасалған, 22 егу пункті орналастырылған, мобильді топтар шағын аудандарға, жеке секторға барады. Алайда, осы уақытқа дейін 80 217 адам ғана егілді, ауданда 118 мыңнан астам тұрғын вакцинациядан өтеді, – деді Азамат Қалдыбеков.

Алатау ауданының әкімі бизнес қауымдастығының Ashyq жобасына қатысуы туралы айтты. Ауданда қазірдің өзінде қосымшамен жұмыс жасайтын 236 шағын және орта бизнес өкілдері бар екенін жеткізді. Барлығы карантин кезінде артықшылық алған 3 жоба көшбасшысы анықталды – мысалы, коронавирустық инфекцияның ушығуына байланысты басқа нысандар жабылған кезде олардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Алайда, жауапсыз кәсіпкерлер де бар, ауданда 2 нысан санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жобадан шығарылды.

Сонымен қатар, тексерулердің арқасында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 34 адам анықталды, олардың барлығына айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Азамат Қалдыбеков мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады. Алатау ауданда олардың бесеуі бар, олар күн сайын кәсіпкерлік нысандарында карантиндік режим мен санитарлық талаптардың сақталуын тексереді.

– Жыл басынан бері 3664 нысан тексерілді, 256 заң бұзушылық анықталды, 19,1 миллион теңгеге 175 хаттама жасалды, – деді Азамат Қалдыбеков.

Аудан әкімі алматылықтарды өз денсаулығы мен басқалардың амандығын қорғау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Ол мүмкіндігінше үйде болуды, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды, әлеуметтік қашықтықты және маска реимін сақтауды ұсынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x