Ashyq қосымшасы COVID-19-пен күресуге көмектесуде

Dalanews 11 там. 2021 06:00 269

Алматыдағы Forum сауда-ойын -сауық орталығы Ashyq қосымшасының көшбасшысы болып танылды. СОСО заңгері Наталья Степанова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде жүйенің артықшылықтары туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

29 маусымнан бастап Forum СОСО-ға Ashyq қосымшасын сканерлегеннен кейін ғана кіруге болады. Кіреберісте қауіпсіздік қызметі келушілерден жүйеде олардың мәртебесін тексеруді сұрайды немесе өздері тексереді. Айта кетсек, Алматыда бұл жүйе барлық сауда нүктелеріне белсенді түрде енгізілуде, осылайша кәсіпкерлер инфекцияның таралуына қарсы күресті қолдауда.

Forum СОСО заңгерінің айтуынша, олар локдаунды енгізбеу үшін Ashyq жүйесімен жұмыс жасауда.

– Біздің СОСО бірінші болып Ashyq аясындағы жұмыс алгоритмін қолдануға қызығушылығын пен дайындығын көрсетті. Біздің кәсіпкерлер СОСО коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары адамдар көп жиналатын орын екенін түсінеді. Сондықтан біз бутиктеріміздің, фудкорттар мен басқа да сауда орындарының қауіпсіз жұмыс істеуін қолдаймыз, – дейді Н. Степанова.

Заңгердің айтуынша, Forum СОСО жаңа міндеттерге түсіністікпен қараған күзет қызметінің жауапты жұмысының арқасында Ashyq көшбасшысы болды.

Сонымен қатар, Forum СОСО-ның 100 қызметкерінің 95-і коронавирусқа қарсы екпе алды. Сауда орталығындағы егу пункті 12 сәуірде ашылды, содан бері қала тұрғындары арасында танымал. СОСО-да вакциналанғандар арасында бірнеше рет бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Атап өтсек, Алматы қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq жүйесінің жауапсыз қатысушыларының да, 153 жоба көшбасшыларының тізімі де жарияланды. Оң бағаланғандардың арасында – «Аллюр авто» ЖШС, «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Кинопарк Студент», «Достық Синема», «Алматы Су» және тағы басқалары бар.

Еске салсақ, қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияның тағы 1 493 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 5 474 адам бар, оның ішінде 216 бала. АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары 11 908 науқасты үйлерінде бақылауда.

Эпидемиологтар тұрғындарды вакциналануға шақырады. Бүгінде Алматыда 787 494 адамға вакцинаның бірінші компонентті салынды. Ал, бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x