Сағынтаев Алматының электр желілерін дамыту туралы айтты

Dalanews 04 там. 2021 08:54 154

«Алматы» телеарнасында өткен тікелей эфирінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың электрмен жабдықтау жүйесінің жағдайы мен желілерде апатты азайту шаралары туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Бақытжан Сағынтаев «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінің ұзындығы 8,5 мың шақырым екенін айта келе, 2019-2020 жылдар аралығында иесіз деп танылған 304,8 шақырым желілер кәсіпорын балансына берілгенін жеткізді. Биыл 106,4 шақырым желі коммуналдық меншікке берілді. Орташа тозу 65% немесе 5,6 мың шақырымды құрайды. Негізгі энергия көздері – ЖЭО - 1, 2, 3, Каскад ГЭС-ы, Қапшағай ГЭС-ы.

Өткен жылы Медеу, Наурызбай, Алмалы, Жетісу аудандарында 293,4 шақырым желі реконструкцияланғанын тікелей эфирде айтылды. 16 тарату пунктіндегі және 227 трансформаторлық қосалқы станциядағы құрылғыларға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Электр энергиясының тапшылығын және желілердегі төтенше жағдайларды азайту мақсатында қосалқы стансалардың салынуда. Бостандық ауданында «Каскад» қосалқы станциясы салынуда ол Каскад ГЭС-ындағы электр энергиясын тарататын болады. Қуаттылықтың ұлғаюы – 64 МВт. Жұмысты осы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін қамтамасыз ететінн «Алмагүл» қосалқы станциясын іске қосу жоспарлануда. Қуаттылықтың артуы – 100 МВт.

16 тарату пунктінде және 227 трансформаторлық қосалқы станцияда Түрксіб ауданында наурызда «Тұздыбастау» қосалқы станциясында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаның мақсаты – Алматының Түрксіб және Медеу аудандарындағы, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданындағы тұтынушылардың жүктемесін азайту. Қуаттылықтың артуы – 64 МВт. Жұмысты 2022 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Қосалқы станция қосылған аумақтардың тұтынушыларын электрмен қамтамасыз етеді. Қуаттылықтың артуы – 50 МВт.

Қалаға қосылған аумақтарын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін Медеу, Жетісу, Алатау, Наурызбай аудандарында жалпы ұзындығы 217,8 шақырымдық электрмен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ апатты азайту мақсатында 10 тарату пунктін, сондай-ақ 608 трансформаторлық қосалқы станциясына жөндеу жүргізеді. Жыл соңына дейін компанияның балансына 204,7 шақырым желілер, сондай-ақ 106 трансформаторлық қосалқы станция беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x