Токио-2020: Сәкен Бибосынов ұтылып, қола медальді місе тұтты

Dalanews 05 там. 2021 06:28 111

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Dalanews.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x