Бүгін аудан әкімі Ғ. Сарыбаев ауыл шаруашылығы саласы мәселелері бойынша жиналыс өткізді

Dalanews 04 там. 2021 09:44 109

Жиынға Аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Сағадиұлы Кененбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жалғас Маликұлы Катжанов, Кербұлақ аудандық аумақтық инспекцияның ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас инспекторы Байғали Мананұлы Сулейменов, аудандық ветеринария станциясы директорының орынбасары Жанат Сакенұлы Тұрлығазиев және ZOOM бағдарламасы арқылы ауыл округ әкімдері, ауылшаруашылығына жауапты мамандар, ветеринариялық пунктердің меңгерушілері, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің басшылары қатысты.


Жиналыста аудан бойынша астық ору науқанының барысы, қысқы мал азығына жем шөп дайындау жұмыстары және күзгі дәнді дақылдарды себу науқанына дайындық мәселері талқыланды.
Ауыл шаруашылығы - аудан экономикасының басты саласы болып саналады. Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлері 43,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Аудан облыстағы арпа, бидай өндіретін ірі өңірлердің бірі. Оның айғағы жалпы 132 мың гектар егістік жердің 96,6 мың гектарына немесе 73% масақты дәнді дақылдар себіліп, өнім көлемі облыста өндірілетін өнімнің 23% құрайды.
Гектар өнімділігіне әсер ететін бірқатар факторлар бар. Оның бірі климаттық жағдай. Кейінгі 2-3 жылда жауын-шашынның нормадан кем түсуі гектар өнімділігіне кері әсерін тигізуде.
Шаруа қожалықтарының басым бөлігі мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларды толық пайдаланбай, өндіріске интенсивті технологияны енгізуден кенжелеп келеді.
Атап айтсақ, жердің құнарлығын арттыру, ылғалылын сақтау, арамшөптермен күресу бойынша мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.
Биылғы қуаңшылық жылы қысқы мал азығын жеткілікті көлемде дайындауға өз кедергісін тигізіп отыр. Бұл жағдай жалғыз біздің облыста ғана емес республиканың барлық өнірлерінде байқалады.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді жоспар дайындап, жергілікті атқарушы органдарға үлкен талаптар қойды.
Ауданымызда 56,4 мың бас мүйізді ірі қара, 249,5 мың бас қой мен ешкі, 18,5 мың бас жылқы бар. Осы мал басын қыстан аман алып шығу үшін қажетті көлемде мал азығын дайындауымыз қажет.
Ауданда 2168 шаруа қожалығы, 4 өндірістік кооперативі, 27 серіктестік тіркелген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x