«Ахуал күрделі, бірақ бақылауда». Сағынтаев алматылықтарды вакцина алуға үндеді

Dalanews 28 шіл. 2021 13:43 234

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлады, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап КВИ-ді күнделікті тіркеу 1мың жағдайдан асты. Егер 23 шілдеде 1 080 жағдай тіркелсе, 27 шілдеде тіркелгені – 1 250. Жыл басынан бері КВИ жағдайларының жалпы саны 75153 болса, ал шілденің басынан бері 16911 жағдайға жетті.

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ды құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды. Осылайша, шілдеде базалық сценарий бойынша болжанған 27,5 мың жағдай тіркеліп эпидемиологиялық жағдай расталды.

Алматы қаласының тұрғындарын вакциналаумен қамту 27 шілдедегі жағдай бойынша I компонентті алғандар 49,9%, II компонентті алғандар – халықтың ресми саны бойынша 33,6%-ды құрады. Алайда, бұл COVID-19 «дельта» нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді, 1 жасқа дейінгі балалар дертінің өсуі жалғасуда – 0,3%, 2,8% құрайды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса қазір олардың саны – 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда – 20%-ға басым.

Осыған орай, Бақытжан Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ-ге қарсы екпе алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды. Тек екпе алу арқылы ғана өміріміз бен денсаулығымызды сақтай аламыз. Ең бастысы, вакциналанған қалалықтар өздерінің жақындары мен айналасындағылардың – достарының, әріптестері мен таныстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x