Дәстүрлі оқу форматына ораламыз ба? Білім министрлігі жауап берді

Dalanews 28 шіл. 2021 08:02 249

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта оқитынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz -ке сілтеп.

"Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын.

Қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр.

Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді", - деді министрлік өкілі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x