Back

«Осы қарқынды жоғалтпайық!». ШҚО-да бір жылда бір млн шаршы метр үй салынды

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік-мәдени нысандар мен әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы бойынша кезекті рет кеңес өткізді. Іс-шара барысында аймақ басшысы биыл облыс аумағында алғаш рет бір уақытта 30-ға жуық жаңа әлеуметтік-мәдени нысан салынатынын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімнің айтуынша, биыл облыста құрылыс қарқыны ең үлкен көрсеткішке жетті. Соңғы 5 жылда алғаш рет бір жылда миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Аймақта жеке құрылыс салушылармен ынтымақтаса отырып, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын қолдау арқылы құрылыс қарқынының осы деңгейін сақтау керек.

Danial_Ahmetov

Danial_Ahmetov

Сонымен бірге, әкімдік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ипотека ресімдеуге ниет білдірген көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификатын беру жүйесін енгізбек.

ШҚО-да әлеуметтік-мәдени нысандар көптеп салынуда. Мәселен, аурухана, мектеп, балабақша, спорт зал, клуб сияқты тағы басқа да 27 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан бір уақытта салынып жатыр.

Әсіресе, облыс орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерге басымдық берілді.

Бородулиха, Марқакөл, Таврия, Үлкен Нарын, Самар сынды көптеген ауылдар мен кенттерде биылдың өзінде бассейндер және жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары пайдалануға берілді. Ал спорт модульдері шалғайдағы барлық елді мекенге салынады.

Қабанбай ауылында биыл тек модуль ғана емес, полиция бөлімі мен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы да аяқталады.

Ең ауқымды жобалардың бірі – Семей қаласынан балаларға арналған оңалту орталығын салу. Бұдан бөлек, Семей қаласындағы Степной және Восточный кенттерінде жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қарқын алған.

– Барлық нысанның құрылысы кестеден кешікпей жүріп жатыр. Дегенмен, соңғы уақытта мердігер компаниялар құрылыс материалдары қымбаттап кетті деген мәселені жиі көтеріп жүр. Осыған байланысты облыстың құрылыс және экономика басқармаларына әрбір жағдайды мұқият қарауды, қажет болса жобаларға түзету енгізуді тапсырамын. Құрылыс жұмыстарының сапасы осыған байланысты екенін ұмытпаңыздар, – деді аймақ басшысы.

Тағы оқыңыз:

Семейде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сәтті жүзеге асуда