Клуб – ауыл мәдениетінің ошағы

Dalanews 27 шіл. 2021 10:00 248

Руханиятымыздың алтын қазығы, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері екендігі көпке белгілі. Тек үлкен қала орталықтарында ғана емес, шалғайдағы ауылдардың мәдениеті мен өнерінің жаңғыруы сондағы клубтар мен мәдениет үйлеріне тікелей қатысты. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылдық округінде 150 орындық клубтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауыл клубы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.



Сонымен қатар, аталған жұмыстарға 576 млн 021 мың.теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» ММ болса, мердігер «Алакөл – Асыл құрылыс» ЖШС-гі. Нысанның жалпы аумағы 0,5 га болса, ғимараттың ауданы 8 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс басында 4 техника және 17 адам жұмыс істеуде. Бүгінде олар жұмыстың 25 пайызын орындады. Сондай-ақ, ауыл клубы ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.


Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы





Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x