"Өз өмірін жақсартуға" уәде берген кандидат әкім болып кетті

Dalanews 27 шіл. 2021 06:32 115

Қазақстандықтарға "өз өмірін жақсартуға" уәде берген мәслихат депутаты және әкім қызметіне кандидат Сапар Барлыбаев сайлауда жеңіске жетіп, Ерейментау қаласының әкімі болды. 

Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері 45 жастағы Сапар Барлыбаев сайлауда жеңгенін растады деп жазады Stan.kz. 

Сапар Барлыбаев "Хабар 24" телеарнасындағы "Әкімдер" бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязовқа сұхбат берген.

"Егер бәріміз бірге дұрыс таңдау жасап, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсартуға тырысамын", - дейді ол.

Сапар Барлыбаевтың бұл сөзі Қазнетте мемге айналған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x