Министр Цой дабыл қағуда! Елде вакцинаның I компонентін алғандар күрт азайған

Dalanews 20 шіл. 2021 08:57 191

Соңғы аптада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар бес есе азайған. Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағып отыр деп хабарлайды Dalanews.kz КТК арнасына сілтеп.

Соңғы тәулікте вакцинаның бірінші компонентін 23 мың, екіншісін 25 мыңнан аса отандасымыз қабылдапты. Ал бұл өткен аптамен салыстырғанда статистиканың едәуір төмендегенін көрсетеді.

Өйткені жеті күн бұрын дерттен қорғайтын препараттың алғашқысын 114 мыңнан аса адам салдырып, 48 мыңға жуығы 2-ші компонентін алған.

Әсіресе қос қалада да вакцинаға тұрғындардың бейжай қарауының себебінен көрсеткіш көңіл көншітпей тұр.

Бір апта бұрын елордада 7 мыңға жуық жұртшылық вакцина алуға  барса, соңғы тәулікте бұл тізім мыңнан аса адаммен ғана толығыпты.

Алматыда да жағдай осы тектес. Күн сайын 15 мыңға жуық қараша екпе ектіріп келсе, кеше індетке қарсы препаратты қабылдағандар 4 мыңға да жетпеген.


Денсаулық министрі Алексей Цойдың айтуынша Қазақстандағы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайдың өрбуіне қатысты бірнеше сценарий бар.

“Біз коронавируспен сырқаттанушылығымызды бақылап отырмыз және ғалымдардың бүкіл жұмыс тобы болжам жасау үстінде. Яғни бұл соңғы екі аптадағы динамикадағы нақты есептеулер, ол сырқаттанушылық, оның ішінде төсек жүктемесінің көрсеткіштерін салыстырады.

Әрине, біз екі апта сайын болжам жасаймыз, болжамдарымызды қайта қарастырамыз.


Қазір бізде оптимистік сценариймен күніне шамамен 6000-6100 жағдай болуы мүмкін деп болжап отырмыз.  Бұл тамыз айында болатын өршу. Ал тәулігіне нақты сценариймен 9 мыңға дейін және пессимистік сценариймен 11 мыңға дейін өсуі мүмкін. Біз осындай болжамдарды келтіреміз, біздің төсек-орын қорының мүмкіндігі қандай болатынын қараймыз және бұл жерде тиісті шаралар қабылдануда”, – деді Цой.


Осыған дейін мәжбүрлі вакцинаға қарсы шыққан бір топ адам Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне тап бергені хабарланған еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x