"30 жылда не бітірдім?". Назарбаев өзінің мұрасы туралы айтты

Dalanews 20 шіл. 2021 07:59 1153

Танымал режиссер Оливер Стоунмен сырласқан Қазақстанның экс-президенті ел басқарған жылдарды еске алып, өткен 30 жылға өз тарапынан баға берді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Отыз жылда не тындырдыңыз? Назарбаев мұрасы деп ауыз толтырып айтуға тұрарлық қандай, нендей жетістігіңіз бар?” деген сауал қойды Стоун. 

Назарбаев өзінің билігі тұсында Қазақстанда қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман орнағанын, сауатты саясаттың негізінде кедейшіліктің қамытын сыпырып, Орта Азия елдерінің ішінде оза шапқанын тілге тиек етті. 

“Біздің буын? Біздің буын Қазақстанның тәуелсіздігін жария етті. Біздің буынның тұсында Қазақстан егемен ел атанды. Атағы алты қырдан асып, алты құрлықты шарлады. Айналасы 20 жылда (1911-2011) экономика мен әлеуметтің әл-қуаты 10 есе өсті!

Жоқшылықты жеңдік. Кедейшіліктен арылдық. 1991 жылы жұрттың 47 пайызы ішерге асы, киерге киімі жоқ, шықпа жаным шықпа деп отырған шақ еді. Бүгін бұл көрсетішті 4 пайызға дейін төмендеттік. 


Бүгін біздің ел нарықтық экономиканың негіздерін меңгерген, орташа өмір сүретін мемлекет. Біздің ел ешкіммен араз емес, осы күнге дейін ешкіммен жанжалдасып көрген жоқпыз. Тәуелсіздіктің отыз жылын тыныштық пен тұрақтылықта, ырыс пен ынтымақта өткіздік. Мінекей, дәл осындай Қазақстанды соңыма қалдырып барамын”, – деді Назарбаев. 

Режиссер Стоун экс-президентің жауабына дән риза болып, Назарбаевтың көшпелі һәм жауынгер ұлттық ұрпағы екенін айтты. 

“Сіздер ешкімгі тиіспей тыныш жатқан елсіздер. Сіз әлем адамысыз”, – деді Стоун. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар