Cоңғы жаңалықтар
Back

Вакцинаға қарсы шыққан бір топ әйел Цойдың орынбасарына тап берді

Сейсенбіде денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді. 

Конференц-залға бір топ әйел шақырылды, вице-министрлер Жандос Бүркітбаев, Ажар Гиният және санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев антиваксерлермен кездесуге шықты.

Тараптардың сөзі жараспады: әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді. Болған оқиға видеоға түсіп қалған.

Кадрларға қарағанда, олар вице-министр Бүркітбаев пен ресми өкіл Байтанаевқа көбірек шүйліккен.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев антиваксерлердің кесірінен қазақстандықтардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайтынын атап өткен болатын.

Дереккөз: sputnik.kz