Тауға шығып, түсе алмай қалған екі жасөспірім құтқарылды

Dalanews 19 шіл. 2021 06:59 273

Түркістан облысы Төлеби ауданының Екпінді ауылынан 5 шақырым жердегі «Біркөлік» тау шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға барған. Алайда, таудың биік болуына байланысты жасөспірімдер төмен түсе алмай, «112» нөміріне хабарласқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, екі туристі қауіпсіз жерге түсірді. Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 8 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, егер тауға серуенге шықсаңыз, бейтаныс жермен жүрмей, өз күшіңізді бағалау керектігін төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. Таулы аймақ қауіпті екенін естен шығармауды өтінеміз.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x