«Екпе алғандарға ғана рұқсат». Меккеге қажылық сапар басталды.

Dalanews 19 шіл. 2021 03:58 383

Мұсылман қауымы үшін жексенбіде Меккеге қажылық сапар басталды, деп хабарлады саудиялық «Ихбария телеканалы.

Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.

Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x