Тоқаев жазғы демалысын қайда өткізіп жатқаны белгілі болды

Dalanews 14 шіл. 2021 14:26 272

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз-хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында аз күндік демалыс алған президенттің суреттерін жариялады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр.

Президент елордаға сенбі күні оралады", – деп жазды Берік Уәли. 

Бұқтырма су қоймасы — Қазақстанның ірі су қоймасы және әлемнің бес ірі жасанды су айдындарының бірі. Өскеменнен 100 шақырым және Семейден 300 шақырым жерде орналасқан.

Бұқтырма су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орнына айналған. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы, онда көптеген демалыс орындары салынған.









 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x