Ғалымдар көзімен: Ассамблеяның Қазақстан тарихындағы орны қандай? 

Dalanews 05 шіл. 2021 09:26 145

Нұр-Сұлтанда ҚХА-ның ғылыми-сараптама тобының кеңейтілген мәжілісі өтті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Іс-шарада Ассамблеяның Қазақстан тарихындағы орны, оның егемендікті бекіте түсуге қосқан үлесі егжей-тегжей айтылды.

Жиынның шымылдығын түрген ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Марат Әділханов ұйымның осы 30 жылда атқарған ісін ой елегінен өткізіп, өз бағасын берді.

Оның айтуынша Ассамблея еліміздегі тілі мен ділі бөлек ұлт пен ұлыстың басын қосып, тыныштық пен тұрақтылықтың ұйытқысы бола білді. 

"Биылғы жылы еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толып отыр. Елбасының сауатты саясаты мен шебер шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан түрлі саяси-әлеуметтік дүмпулерді айналып өтті. Елімізде татулық пен келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты", – деді ол. 

 Оның атап өткеніндей Ассамблеяның құрылуы аса маңызды кезеңде жасалған таңдау болды әрі бұл шешім өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді.


Тәуелсіздіктің елең-алаңында Назарбаев бастамасымен құрылған ұйымның негізгі мақсаты - еліміздегі барша этностардың мүддесін қорғау еді, Ассамблея бұл миссияны ойдағыдай орындаған. 

“Осылайша 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының іргетасы қаланды. Ассамблея мүшелері мемлекеттің өркендеуіне мен қалыптасуына өте үлкен үлес қосып отыр. Мемлекетіміздің қазіргі жетістіктерін мақтан ете аламыз", - деді Ассамблея төрағасының орынбасары.

Ал ұйымның ғылыми-сараптамалық кеңесі ұлтты ұйыстыруға қандай үлес қосты? Осы бағытта қандай ғылыми зерттеулер жасалды? 

Марат Әділхановтың айтуынша, осынау кеңестің барлық мүшелері қоғамдық-саяси жұмыста белсенділік танытып жүр. Қазақстандағы тұрақтылық пен татулықтың негізгі факторларын қарастырып, тұрақты түрде түрлі-түрлі маңызды зерттеулер жүргізуде. 

“Ассамблеяға қарасты сарапшылар мен мамандардың қолынан шыққан ғылыми зерттеулер жоғары сұранысқа ие. Ассамблея жұмысын ғылыми тұрғыдан талдауда ауқымды жұмыс атқарылды. Ғылыми-сараптамалық кеңес егемен Қазақстанның әрі қарай өркендеуіне өз үлесін қоса береді», - деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x