Қазақстанда ковид жұқтырған 815 науқас ауыр жағдайда жатыр

Dalanews 12 шіл. 2021 03:47 213

12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

12 шілдедегі жағдай бойынша 41 980 адам КВИ-дан ем-дом алып жатыр (40 545: КВИ+ және 1435: КВИ-), оның 13 568-і стационарда, ал 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+ және КВИ- науқастар арасында:
• ауыр жағдайда - 815 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 189 науқас,
• жасанды тыныс алу апппаратына қосылғандар - 126.

2021 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпарат

2021 жылы 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 40 жағдай тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 50 адам ауруынан сауығып кетті.

1 тамыздан бастап тіркелген жалпы жағдайлар - 57 900, қайтыс болғандар - 1032, ауруынан сауыққандар - 52 973.

2021 жылы 12 шілдедегі жағдай бойынша, вакцинаның I компонентін 4 372 235 адам, II компонентін 2 442 715 адам алып үлгерді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x