Өзбекстанда мектепте хиджаб киюге, баттастырып макияж жасауға болмады

Dalanews 10 шіл. 2021 04:11 127

Өзбекстанның халық білімі министрлігі мектепте хиджаб киюге болмайтынын тағы да хабарлады.

Білімі министрлігі мемлекеттік орта мектептерде оқитындардың киіміне қойылатын талаптарды түсіндірді.

Министрлік мәліметіне сәйкес, орта мектептерде балаларға сақал қоюға, ұзын шаш қоюға, оны ашық түстерге боюға, дененің көрінетін тұстарына пирсинг тағуға және тату салуға болмайды.

Оқушы қыздарға дененің көрінетін тұстарына пирсинг тағуға және тату салуға, шашты ашық түстерге боюға, баттастырып макияж, маникюр жасауға, тырнақ өсіруге, бір құлаққа ғана үлкен сырға тағуға, жүзік тағуға болмайды.

Министрлік білім беру мекемесінің ғимараттарына бас киіммен кіруге болмайтынын тағы ескертті.

Бұның алдында президент Шавкат Мирзияев қол қойған заң бойынша қоғамдық орындарда хиджабпен жүруге тағылған тыйым дүйсенбіден бастап жойылатыны хабарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x