"Енді бұл іспен айналыспаймын". Танымал блогер бостандыққа шықты

Dalanews 07 шіл. 2021 15:21 235

Белгілі қоғам белсендісі, блогер Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы блогердің өзі әлемжелідегі парақшасында жазды.

«Отырар» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Руслан Жанпейісов енді қоғамдық жұмыстан, оның ішінде жолдағы заңбұзушылықпен қарсы күресті толығымен тоқтататынын жеткізді.

«Мен бостандыққа шықтым. Енді спортпен айналысып, өз кәсібімді дөңгелетіп, отбасыма көбірек уақыт бөлемін. Қоғамдық жұмыспен айналысудың мәнін көріп тұрғаным жоқ. Енді айналыспаймын», – дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 30 шілдесі күні Шымкент қалалық соты Руслан Жанпейісовті «Денсаулыққа ауырлығы орташа дене жарақатын келтіру» және «Билік өкілін қорлады» деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Үкімге сәйкес, Жанпейісов жазасын қоныстандыру колониясында өтеді. Райымбеков қылмыстық жазаға тартылғанан кейін де оның әлеуметтік желідегі парақшасы белсенді болды. Оны әріптесі жүргізіп отырған.

Руслан Жанпейісов жазасын өтеп жатқан уақытта оның туыстары мен достары жазаны жеңілдету және оны шартты мерзімге ауыстыру туралы бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Алайда, бұл өтініштер қанағаттандырылмады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x