Мереке қарсаңында Текелі қаласында жаңа демалыс орны ашылды

Dalanews 05 шіл. 2021 08:29 448

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Текелі қаласындағы Қазақстанның Д.А. Қонаев атындағы ең ұзын көшесінде Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан "VUSLAT" жаңа қонақ үй кешені ашылды.
Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары С.Болысбайұлы, қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновский және қалалық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.


Кешеннің орналасқан жері Текелі өзенінің жағасында көркем шатқалды, таза ауа және сыңғырлаған судың үнін тамашалауға мүмкіндік береді.
Қонақүйде жайлы демалыс өткізу мүмкіндігімен қатар «VUSLAT» тұжырымдамасына экотуризм қағидалары да енгізілген. Туристер үшін Қазақстанның ең биік сарқырамасы – Бұрхан-бұлаққа шығу және жаяу жүру маршруттары қарастырылған. Қыста шаңғы базасына бару мүмкіндігі бар.
Демалыс орнын салуға 200 млн теңгеден астам инвестиция тартылып, 12 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ,
Текелі қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы












 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x