"Сужүрек. Сатқын". Назарбаев шетелдегі оппозиция өкілдеріне қатысты пікір білдірді

Dalanews 02 шіл. 2021 03:52 219

Опасыздар! Нұрсұлтан Назарбаев шетел асқан оппозиция өкілдеріне қатысты осындай пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Туған күніне орай әзірленген “Штрихи к портрету” деректі фильмінде бұл жайтқа бөлек тоқталған Назарбаев “опасыздардан” көңілі қалғанын жасырмайды. 

“Сатқындардың өмірі ит қорлықпен өтеді. Бұлардың сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Қылығы қате екенін сезінгендіктен, өткен күнгі әрекеттері жанын жегідей жейді. Бұлар мемлекетке, халыққа қарсы шықты. Мына елде төңкеріс болғанын, мемлекеттің шаңырағын шайқалғанын қалайды. Олардың есіл-дерті осы. Сондықтан елден ауаша кеткені жөн болды. Алайда оңай құтылам деп ойламасын…”, – деді Назарбаев шетелдегі оппозиция өкілдеріне құлаққағыс етіп.

Оның пікірінше, сыртта отырып, елде ереуілге шығуға азғыратындар нағыз сужүректер. Елбасы әлгіндей әрекетке үндейтіндерді елге шақырып отыр. 

Сөз ауанына қарағанда Назарбаевтың өкпе-назы бірінші кезекте атышулы Әблязовқа бағытталған сынды. 

“Датың болса, елге келіп келіп айт. Батыр болсаң, талабыңды елге келіп тыңдатқыз. Аузыңнан атылған сөз мен жасаған ісіңді мойныңмен көтер. Ақша ұрлауға келгенде шебер, іске келгенде шорқақ! 

Өзін оппозиция санайтындарды бір жылдары банкир, министр етіп қатарға қосқан едім. Соның арқасында шекесі шылқып, шіріген байға айналып шыға келді. “Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанаттының" кері болды.

Халықтың ақшасын шайнамай жұтып, есірген, елірген шақта "көп асқанға, бір тосқан" болды. Тексеріс басталды. Сол-ақ екен бұл елден тайып тұрды. Шетелге кеткеннің ешбірі оңған жоқ. Қуғындағы өмірдің қайбір қадірі болсын. Бейшараларға жаным ашиды”, – деді Назарбаев. 


 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x