Елорда жастары, бизнес-идеяларыңды бәйгеге қосып, бағыңызды сына!

Dalanews 15 мау. 2021 19:22 225

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға ашық конкурс жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын өтеусіз негізде беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін «Qoldau» бизнеске арналған цифрлық платформаға тіркелу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінімді электрондық күйде ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 28 маусымнан 2021 жылғы 12 шілдеге дейін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x