Шенді жалған диплом пайдаланды деген күдікке ілінді

Dalanews 14 мау. 2021 11:41 163

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жогорку Кенештегі Қырғызстан социал-демократиялық партиясы фракциясының бір депутаты жалған диплом пайдаланғанын анықтады.

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, күдікті 1998 жылы ҚҰУ-нің тарих факультетінен оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған. Жогорку Кенеш депутаты атанған соң ол ҚҰУ дипломын екінші жоғары білім алу үшін пайдаланған.

Ұлттық университет мәліметі бойынша, бұрынғы вице-спикер жоғары оқу орнын бітірген түлектер арасында жоқ, жалған құжатта көрсетілген нөмір басқа бір азаматтың дипломында тұр.

Арнайы қызмет күдіктінің аты-жөнінін бас әріптерін ғана атады – З.Т.З. Вице-спикер қызметін 2012-2015 жылдар аралығында Зулпукаров Торобай Закирович атқарған.

Зулпукаров биыл 31 мамырда бұрынғы спикер Асылбек Жээнбековпен бірге ұсталды. Олар Құмтөр ісіне қатысты тергеліп жатыр.

Зулпукаров қорғаушылары арнайы қызмет таратқан мәліметке қатысты әзірге пікір білдірген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x