Қазақстандағы ірі онлайн супермаркет 3 жылдығын тойлайды

Dalanews 03 мау. 2021 07:46 227

2021 жылы 3 маусымда азық-түлікті үйге дейін жеткізетін отандық стартап жоба Arbuz.kz — кез келген тапсырысты тегін жеткізу науқанын «ашық» деп жариялайды. 

Arbuz.kz күніне Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1500 тапсырысты жеткізеді. Бас директор Алексей Лидің айтуынша, тегін жеткізу — клиенттер үшін сыйлық, себебі тапсырыс берерде шектік сомаға дейін себетті толтырмаса болады. «Біздің клиенттер кенеттен сүт не балалар тағамы таусылып қалады дейді. Енді біз 1 теңгелік тапсырыстың өзін тегін жеткіземіз». Акция жаз бойы болады.

Басқарушы директор Арман Сүлейменов: «Әлемдік нарықта азық-түлікті онлайн жеткізудің бірнеше моделі бар, олар 4 категорияға бөлінеді: жылдамдық, баға, ассортимент және сапа. Біреуіне басты назар аударсаңыз, сізде жаңа модель пайда болады».

Arbuz.kz ұстанатын бизнес-модель тігінен біріктірілген: бұл үлкен ассортимент (бірнеше жерден іздеп әуреленбейсіз, сізге қажет тауардың бәрі бір жерде), баға және тапсырысты берілген күні жеткізу. Мысалы, жергілікті фермердің өнімін бір батырманы басу арқылы ғана сатып алуға болады.



Жеткізушілер компанияның қызметкерлері болғандықтан, өзіңіз қалаған тұтынушының тәжірибесін бақылап, толығымен басқара аласыз.

Бұл қарапайым супермаркеттің бизнес моделіне ұқсайды, сенімді клиенттер базасынан кейін тұрақты және өзін-өзі ақтайтын қаржы моделі қалыптасады.




Тапсырысты Arbuz.kz сайтының автокөліктері мен курьерлері тегін жеткізеді. 2021 жылдың сәуірінен бастап 1 сағатта жедел жеткізу қызметі іске қосылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x