Алакөл ауданыңда «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай 68 ерекше күтімді қажет ететін балаларға арнайы сыйлықтар табыс етілді

Dalanews 01 мау. 2021 12:39 208

Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталған мейрам 1950 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл күні балалардың өмірін, құқығы мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ, балғындарға қамқорлық жасау дәріптеледі. Мейрамға орай Алакөл ауданында балаларға арналған мәдени іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылды. Әрине соңғы екі жыл бойы аймақтағы эпидахуалға байланысты мерекелеу форматы өзгертілген болатын. Алайда, балақайлар бұл күні назардан тыс қалмай, мәдени сауықтыру іс-шараларына онлайн қатысып, мереке қызығын тамашалады. Атаулы күні өңірдегі 70 ке жуық мүмкіндігі шектеулі балғынға арнайы сыйлықтар табысталды. Жомарт жүректі жандар аталған сый-сыйапатты алуға демеушілік танытты.

Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов ерекше күтімді қажет ететін Гүлнұр Несіпбек пен Ләтай Ерсұлтанның үйіне арнайы барып, ақжарма тілегін айтып, аудан әкімінің арнайы әзірлеген сый-сыйапатын табыстап, халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтты.



Айта кету керек, бұдан бөлек «9807» әскери бөлім, «Искорка», «Сарыарқа» сауда орталықтары, сондай-ақ, «Манна», «КМФ» ЖШС өкілдері және т.б. ат салысып, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, Үшарал имамдары және аудандық мешіт жанынан құрылған әйел-қыздар секторы бірігіп 100 балаға тәтті мақта мен сусындар таратты.

Бала – ел ертеңі. Ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, қоғам болып бірлесе ат салысуымыз қажет.
Еліміздің болашағы балалардың жүзінен күлкі арылмасын.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x