Back

Әкем, анам және мен – біз шынығамыз спортпен

1 маусым Халықаралық балалар күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым мемлекеттік қызыметшілер күніне орай «Әкем, шешем және мен – біз шынығамыз спортпен» атты мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді.
Спорттық сайыстың негізгі мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналар балаларымен бірге спортпен айналысып, белсенді уақыт өткізу болып табылады.
Аудандық персоналды басқару мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген «Әкем, анам және мен – біз шынығамыз спортпен» отбасылық  сайысы – отбасыларды  спортқа баулып, ата – ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түсетіндігі анық.
«Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Сайысқа қатысушы әр топ отбасыларына  сәттілік тілеймін», – деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев.
Үздіктердің үздігін іріктейтін сайыста эстафеталық ойындар, жеңіл атлетика және т.б. спорттық ойын түрлері қамтылды. Жекелей және отбасылық сайыстардан тұратын жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Қоңыровтар» әулеті, ІІ орынды «Сағымбековтар» отбасы, І орынды «Көпшікбаевтар» жанұясы иеленді.
«Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – саулықтық. «Денсаулық – терең бақыт» – деп, Абай атамыз айтқандай, әрқашан спортпен шұғылдансақ, деніміз сау, шымыр болатындығымыз барлығымызға белгілі. Бүгінгі жүйріктер додасының мән-мағынасы – ата-ана мен жас бүлдіршіндер арасында  салауатты  өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұл сайыста қатысушылар  бір-бірінен асқан шапшаң, алғыр, ұтқыр да көз ілеспес жүйрік  топтар екендігін дәлелдеді», – деді, аудан әкімі аппарат басшысының м.у.а Б.Сүлейменов.
Жарысты қорытындылай  келе І орын иегері Лепсі ауылдық округінің әкімі С.Көпшікбаевтың отбасынан құралған «Көпшікбаевтар» командасы  спорттық өнерлерінің, жылдамдықтарының, ұйымшылдықтары мен ептіліктерінің арқасында  үш  команданы да жеңіп, облыс орталығына жолдама алды. Әділқазылар алқасы  жеңімпаздарды алғыс хаттарымен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы

English EN Қазақ тілі KK Русский RU