Екі мың адамды жинап, фестиваль ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Dalanews 31 мам. 2021 11:24 301

29 мамыр күні сағат 20.30 шамасында Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесінде мониторингтік топ Offtop club мекемесінің аумағында жаппай фестивальді өткізу фактісін анықтады. 2000-ға жуық адам әлеуметтік қашықтықты сақтамай, бір алаңда бетпердесіз болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Shake fest фестивальінің алаңында Ashyq қосымшасында тіркеусіз кіру жүзеге асырылған. Мониторинг тобының өкілдері мекеме иесімен және фестиваль ұйымдастырушыларымен пандемия кезінде карантиндік шектеулерді сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізді. Алайда, клуб иесі түсініктеме жазудан және мекеме туралы ақпарат беруден бас тартты.

Қазіргі уақытта істі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына беру үшін қажетті материалдар дайындалған.

Сенбі күні белгіленген барлық 15 карантиндік шектеулердің бұзылуы анықталды. Тәртіп бұзушылар арасында Бостандық ауданындағы 100-ге жуық адам болған «Бочонок» бары да бар.

30-31 мамыр аралығында Алматыда 5 карантиндік бұзушылық анықталды. Мысалы, Алмалы ауданындағы Astral Cyber Zone компьютерлік клубында 40-қа жуық геймер болған. Белгіленген шектеулердің ішінде Медеу ауданындағы bugz компьютерлік клубы да анықталған.

Ағымдағы жылдың 20 наурызы мен 31 мамыры аралығында Алматының мониторингтік топтарының өкілдері белгіленген шектеулердің 1034 бұзушылығын анықтады. Полиция басқармасына 3337 адам жеткізілген.

Карантин бұзушылықтарын анықтау жұмыстары жалғасады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына карантин режимін сақтауға аса мән беру керек: адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x